Алматыда «Ислам мәдениеті мен өнері иран шеберлері туындыларында» атты көрмесі ашылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  «Ислам мәдениеті мен өнері иран  шеберлері туындыларында» атты көрмесі ашылмақ

Алматыда «Ислам мәдениеті мен өнері иран шеберлері туындыларында» атты көрмесі ашылмақ

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында, Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы Ұйымына төрағалығы жылында, Қасиетті Рамазан айына орай, сондай-ақ, Құран білімдерін көпшілікке тарату мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі және Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің Мәдени өкілдігі 2011 жылы, 25 тамызда, сағат 16.00-де «Ислам мәдениеті мен өнері иран шеберлері туындыларында» атты көрмесін ашады.

  • 23 Тамыз 2011
  • 545
Фото - Caravan.kz



Экспонаттар ішінде Иран Ислам Республикасы Мешхеде қаласында сақталып тұрған Годс – е Разави облысы қорынан алынған Қасиетті Құран суреттері бар. Сонымен бірге, көрмеде «нәсталик» жазуымен жазылған сирек қолжазбалар және Қасиетті Құран басылымдары, Құранның шет тілдердегі (ағылшын, француз, неміс) аудармалары, Құран туралы аудио-бейне дискілер ұсынылған. Көрменің келушілері қызығып тамашалайтын экспонат Иран Ислам Республикасында дайындалған «Сөйлейтін Құран» болмақ.
Көрмеде Алматы қаласына Ираннан арнайы келген және барша қонақтарға мастер-класс өткізетін Иранның екі көрнекті шеберінің – «Мошаббак-е фелез» (металды жұқалап кесу) өнері бойынша Парвиз Назаридің және каллиграфия өнері бойынша («нәсталик» жазуы) Ахмад Мохаммадпураның 60-тан астам жұмысы ұсынылған.
Иран өнерінің сұлулығын жақыннан көзайым куәгер болуды және Иранның белгілі шеберлерінің үздік туындыларымен танысуды қалайтын барлықтарыңызды оны тамашалауға шақырамыз.

Перейти к новостям спорта