Алматыда іс-түссіз жоғалып кеткен Айзада Авлатарова табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда іс-түссіз жоғалып кеткен Айзада Авлатарова табылды

Алматыда іс-түссіз жоғалып кеткен Айзада Авлатарова табылды

Із-түссіз жоғалып кеткен Айзада Авлатарова ақыры табылды! Студент қызды ұрлаған таксиші оны Қапшағайдағы бір үйде жасырып отырған екен.   

  • 11 Желтоқсан 2015
  • 328
Фото - Caravan.kz

Апта бойы аумақты тінтіген еріктілер аман-есен табылған қыздың полиция бөлімшесінде отырған суретін әлеуметтік желіге жариялап, сүйінші сұрады. Қазір студент туыстарымен бірге болған оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшыларына айтып беріп жатыр. Айзаданы ұрлаған күдікті болса, қамауда. Таксишіні әскерилер мен полицейлер бірігіп іздеп тапқан. Қыздың қорқып қалғаны болмаса, ешқандай зорлық белгілері жоқ көрінеді. Десе де, ата-анасы психологтың көмегіне жүгініп, оны дәрігерге қаратпақ.  

Соңғы жаңалықтар