Алматыда ІТ-мамандарына арналған Microsoft TechDays 2011" семинары өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ІТ-мамандарына арналған Microsoft TechDays 2011" семинары өтіп жатыр

Алматыда ІТ-мамандарына арналған Microsoft TechDays 2011" семинары өтіп жатыр

Алматыда ІТ-мамандарға арналған "Microsoft TechDays 2011" семинары өтіп жатыр

  • 9 Маусым 2011
  • 371
Фото - Caravan.kz

TechDays — Microsoft корпорациясының жобасы. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі мақсат — техникалық мамандарды жасақтау және оларға кәсіпорындағы инфрақұрылымды басқару саласындағы соңғы технологиялар жайлы мәліметтерді жеткізу.

«Біздің компания кәсіпқой ІТ-мамандарды қолдауға үлкен мән береді және мұндай семинар олар үшін үлкен мүмкіндік. TechDays тыңдармандардың кәсіби шеберлігін арттырумен қатар олар өкілеттілік етіп отырған компаниялардың өсуіне барынша ықпал етеді», -дейді Microsoft Қазақстанның Бас директоры Гюнтер Дам.

Аталған семинарға жергілікті ІТ-ұйымдар мен түрлі саладағы ІТ-департаменттерінен 80-ге жуық адам қатысуда.

Сондай-ақ жиын барысында Қазақстандағы Microsoft өкілдерімен қатар Орталық және Шығыс Еуропа аймағындағы компания қызметкерлері баяндама жасады. Негізгі баяндамалар Microsoft-тың заманауи веб-тұғырнамасы мен ІТ-мамандар, веб-жасақтаушылар және дизайнерлермен қатар қарапайым тұтынушылардың жаңа көкжиектерге жол бастайтын мүмкіндіктеріне арналды.

«Бүгінгі шара жасақтаушылармен қатар жалпы ІТ-мамандар үшін едәуір маңызды оқиға болып отыр. Ал студенттер қауымына бұл семинар ЖОО-ны тәмамдаған соң қандай қызметпен айналысатынын, қандай қолданбалы мәселелерді шешуге тура келетінін түсінуге көмектеседі», -деп атап өтті Халықаралық ІТ университетінің оқытушысы Виктор Дмитриев.

Соңғы жаңалықтар