Алматыда ІҮ Еуразиялық МедиаФорум басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ІҮ  Еуразиялық МедиаФорум басталды

Алматыда ІҮ Еуразиялық МедиаФорум басталды

Бүгін, 21-сәуірде Алматыда ІҮ Еуразиялық МедиаФорум басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Сәуiр 2005
  • 670
Фото - Caravan.kz

23-сәуірге дейін созылатын форумға жетекші халықаралық және аймақтық БАҚ-тардың өкілдері, танымал саясаткерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен іскертоп өкілдері қатысады.

Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, Форум жұмысын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашады. Сондай-ақ, Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер, ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота, «Нью-Йорк таймс» компаниясының вице-президенті Майкл Голден, Еуразиялық МедиаФорумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева сынды ресми өкілдер форумға қатысып, сөз сөйлейді.
Форумға жетекші халықаралық және аймақтық БАҚ-тардың өкілдері, танымал саясаткерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен іскертоп өкілдері қатысады.
Форумға қатысушылар лаңкестік әрекеттер туралы ақпараттар тарату мәселесі бойынша пікірталас өткізіп, медиа-заңнамалар тақырыбын талқылайды. Сондай-ақ «Журналистика және жарақат» тақырыбы қозғалып, онда қарулы қақтығыстар тақырыбы бойынша қалам тербейтін журналистер арасындағы жан жарақатына қатысты стресс феномені сарапқа салынбақшы. Сонымен қатар «Азиядағы трагедия», «Интернет аймағын жуасыту», «ВИЧ/СПИД проблемасын БАҚ арқылы жариялау проблемалары», «Араб тіліндегі БАҚ-тар феномені» деген тақырыптар бойынша пікірталастар өрбітіледі. Форум аясындағы тағы бір отырыс «Саяси және іскерлік брэндинг» тақырыбына арналмақшы. Кездесуге қатысушылар бұған қоса бағасы төленген жарнамалық материалдарды жария етудегі БАҚ-тардың заңнамалық және моральдық жауапкершілігінің деңгейін анықтайды. Ал форум аясындағы тоғызыншы отырыс бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі төңкерістер тақырыбын қаузайды.
Еуразиялық МедиаФорум Қазақстанда 2001-жылы коммерциялық емес әрі үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелген. 2002, 2003 және 2004-жылдары Алматыда өткен алғашқы үш конференцияға дүниежүзінің 60 елінен 500 өкіл қатысты. Еуразиялық МедиаФорумның мақсаты — Еуразиялық БАҚ-тардың кәсіби дамуына қолдау көрсету және Еуразия аймағының даму ерекшеліктері туралы ақпараттарды тарату болып табылады.

Перейти к новостям спорта