Алматыда ІҮ Еуразиялық МедиаФорум өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ІҮ  Еуразиялық МедиаФорум өтеді

Алматыда ІҮ Еуразиялық МедиаФорум өтеді

21-23-сәуір аралығында Алматыда ІҮ Еуразиялық МедиаФорум өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне форумды ұйымдастыру комитетінен хабарлады.

  • 4 Сәуiр 2005
  • 353
Фото - Caravan.kz

Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, Форум жұмысын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашады. Сондай-ақ, Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер, ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота, «Нью-Йорк таймс» компаниясының вице-президенті Майкл Голден, Еуразиялық МедиаФорумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева сынды ресми өкілдер форумға қатысып, сөз сөйлейді.

Форумға жетекші халықаралық және аймақтық БАҚ-тардың өкілдері, танымал саясаткерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен іскертоп өкілдері қатысады.
Форумға қатысушылар лаңкестік әрекеттер туралы ақпараттар тарату мәселесі бойынша пікірталас өткізіп, медиа-заңнамалар тақырыбын талқылайды. Сондай-ақ «Журналистика және жарақат» тақырыбы қозғалып, онда қарулы қақтығыстар тақырыбы бойынша қалам тербейтін журналистер арасындағы жан жарақатына қатысты стресс феномені сарапқа салынбақшы. Сонымен қатар «Азиядағы трагедия», «Интернет аймағын жуасыту», «ВИЧ/СПИД проблемасын БАҚ арқылы жариялау проблемалары», «Араб тіліндегі БАҚ-тар феномені» деген тақырыптар бойынша пікірталастар өрбітіледі. Форум аясындағы тағы бір отырыс «Саяси және іскерлік брэндинг» тақырыбына арналмақшы. Кездесуге қатысушылар бұған қоса бағасы төленген жарнамалық материалдарды жария етудегі БАҚ-тардың заңнамалық және моральдық жауапкершілігінің деңгейін анықтайды. Ал форум аясындағы тоғызыншы отырыс бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі төңкерістер тақырыбын қаузайды.

Перейти к новостям спорта