Оның айтуынша, өрт Саина және Төле би көшелерінің қиылысындағы «Алина» атты кафенің ойын автоматтары бөлімінде шыққан. Қазіргі жағдаймен өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Алайда, М.Жұматаевтың айтуынша, өрттің сол маңайға таралып кету қаупі бар.
Қазір оқыс оқиға орнына қаладағы шұғыл қызметтер, соның ішінде өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен дәрігерлер келіп жетті.