Алматыда кәмелетке толмаған 2 жасөспірім баспанасыз қаңғыбасқа 9 рет пышақ салыпты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кәмелетке толмаған 2 жасөспірім баспанасыз қаңғыбасқа 9 рет пышақ салыпты

Алматыда кәмелетке толмаған 2 жасөспірім баспанасыз қаңғыбасқа 9 рет пышақ салыпты

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданының 51 жасар тұрғынына екі кәмелетке толмаған жасөспірім Алматының Жетісу ауданында шабуыл жасап, тоғыз рет пышақ салыпты, деп агенттікке құқық қорғау органындағы дереккөз хабарлады.

  • 14 Маусым 2011
  • 461
Фото - Caravan.kz

Мәлімет бойынша, кездейсоқ өтіп бара жатқандар 4-ші маусымда түнгі 2 мен 3 арасында баспанасыз қаңғыбастың пышақталып тасталған денесін «Сәлем» көшесінің маңындағы Бөкейханов көшесінен тауып алған.

Өлген адамның кім екендігі оның қалтасынан алынған құжаттар негізінде анықталған. Бірақ екі апта өткен соң ғана АІІБ іздеушілері, қалалық ІІД «адам өлімі» бөлімінің мамандарының қолдауымен күдіктілердің ізіне түскен.

Олар ұсталғандар арасында 17 жасар алматылық пен оның Өзбекстаннан Алматыға ата-аналарымен көшіп келген замандасы екенін нақтылады.

Құқық қорғау орган мамандары күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 96-шы бабы 1-ші бөлімімен (адам өлімі) қылмыстық іс қозғалғанын айтады.

Күдіктілердің екеуі де ұсталып, қамауға алынған.

Соңғы жаңалықтар