Алматыда карантин талабы күшейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда карантин талабы күшейді

Алматыда карантин талабы күшейді

20 шілдеден бастап Алматыда карантин талабы күшейді.

  • 20 Шiлде 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы жариялады. Ол бойынша шаһарда күшейтілген карантин режимі 20 шілде түнгі сағат 00.00-де күшіне енді.

"Енді қоғамдық тамақтану орындары ашық алаңда ғана жұмыс істей алады. Қонақтар саны 30 адамнан аспауы керек. Сондай-ақ, таулар мен ұлттық парктерде велосипедпен жүруге болмайды", — делінген қаулыда. Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 
сайтында
 жарияланды.

Соңғы жаңалықтар