Алматыда кәріз жүйесі коллекторында болған ірі апатқа жер телімінің қожайыны айыпты - "Водоканал" - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кәріз жүйесі коллекторында болған ірі апатқа жер телімінің қожайыны айыпты - "Водоканал"

Алматыда кәріз жүйесі коллекторында болған ірі апатқа жер телімінің қожайыны айыпты - "Водоканал"

Алматы. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда кәріз жүйесі коллекторында болған ірі апатқа инженерлік коммуникациялар тартылған жер телімінің қожайыны айыпты. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Водоканал" ҚКК бас директорының міндетін атқарушы Анатолий Прокудин мәлімдеді.

  • 13 Қараша 2008
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Алматы жол құрылысы компаниясының аумағы арқылы біздің диаметрі 1000 мм коллектор өтеді, яғни, оның осінің тұсынан екі жаққа қарай үш метр жерде ешбір ғимарат, құрылғы болуға тиіс емес, инертті материалдардың қоймасын салуға тыйым салынған. Жер кодексін бұза отырып, онда инженерлік коммуникациялардың үстінен инертті материалдардың қоймасы салынған. Құдықтың бұзылуы салдарынан қиыршық тас секілді инертті материал коллектордың ішіне толып, коллектор өзінің өткізгіштік қабілетін жойған. Ағызынды сулар жердің үстіне шығып кетті», -деді А. Прокудин.

Қазір оның айтуынша, оқиға орнында комиссия жұмыс істеуде. Төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп тексеру материалдары прокуратураға тапсырылады, деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда өнеркәсіптік аймақ аумағында кәріз жүйесі коллекторында апат шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Апат салдарынан коллектордағы апат салдарынан өнеркәсіптік аймақта 10 мың шаршы метр қойма жайларын лас су басты.

Апат 12 қарашада сағат 22.30-да Ратушный және Баймұханов көшелерінің қиылысында орналасқан Алматы жол құрылысы компаниясының аумағындағы канализациялық коллекторда шыққан. Коллектор «Водоканал города Алматы» ҚКК тиесілі.

Апат техникалық процессті бұзу салдарынан болған. Ұнтақ материалдардың қоймасы коллектордың үстінде салынғандықтан, оның салмағы коллекторды басып қалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар