Алматыда кәсіпкердің үйін Т10,8 млн-ға тонап кеткен топ ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кәсіпкердің үйін Т10,8 млн-ға тонап кеткен топ ұсталды

Алматыда кәсіпкердің үйін Т10,8 млн-ға тонап кеткен топ ұсталды

Қалалық ІІД криминалдық полициясы 2 тәулік бойы жүргізген операция барысында Алматының Медеу ауданында кәсіпкердің үйін Т10,8 млн-ға тонап кеткен топ ұсталды, деп хабарлады агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

  • 30 Маусым 2011
  • 506
Фото - Caravan.kz

«Ұсталғандардың арасында Оңтүстік Қазақстан облысынан келген 20, 27 және 40 жастағы ағайындылар және 26 жастағы Жамбыл облысының тумасы бар», — деп хабарлайды дереккөздер.

Олардың айтуынша, қылмыскерлерді іздеу шаралары өткен дүйсенбі күні таңғы сағат 7- де полицияға «Көктөбе» ықшам ауданында Хмелев көшесінде тұратын бизнесменнің күзет дабылымен жарақталған үйінен дабыл белгісі түскен соң қолға алынды.

Азық-түлік өнімдерінің көтерме жеткізілімдерімен айналысатын ЖШС-тің 37 жастағы директорының айтуынша, оның үйіне қаскүнемдер таңғы сағат 4-те түскен. Үйдің 2-ші қабатына кірген ұрылар ұйықтап жатқан ерлі-зайыптыларды байлап тастаған. Сосын пышақпен қорқытып, ақша мен бағалы заттарды талап еткен. Қарақшылар 6 мың еуро, Т70 мың, алтын, банк карточкаларын, қымбат ұялы телефондарды олжа еткен.

Үй иесі сағат 6:45-те ғана босап шығып, дабыл түймесін басқан. Ол өзіне Т10,8 млн шығын келгенін айтып отыр.

Дереккөздердің айтуынша, қарақшылар Алматыда 2 пәтер жалдаған. Бұған дейін біреуі де құқық қорғау органдарының назарына ілікпеген.

Медеу АІІБ тергеушісі дүйсенбі күні топтасып қарақшылық шабуыл жасау фактісі бойынша ҚР ҚК 179 бабының 3-ші бөлімінде қарастырылған қылмыстың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сот қамауға алу туралы санкция берген соң, ұсталғандар тергеу оқшаулағышына қамалады, деп хабарлайды құқық қорғау органдарындағы дереккөздер.