Жарияланды: 420

Алматыда кәсіпкердің үйінен $38,5 мың ақша мен алтын бұйымдар ұрланды

Алматыда өртке қарсы –күзет қауіпсіздігі жүйелерін орнатумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын ЖШС директорының үйінен белгісіз біреулер $38,5 мың ақша мен бірнеше алтын бұйым алып кеткен, деп хабарлайды құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Оның ақпараты бойынша, пәтер тонаушылар 58 жастағы кәсіпкердің Медеу ауданында Демченко көшесінде орналасқан үйіне дүйсенбі күні күндіз терезе арқылы кірген, ол кезде үйде ешкім болмаған. Ұрылар жатын бөлмесіндегі шифоньерде жатқан ақша мен алтынды олжа еткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін