Бұған дейін 11 кездесуде жеңіп (жетеуін нокаутпен), 2 кездесуде тең түсіп, 2 кездесуде жеңіліс тапқан Михаил алғашқы жекпе-жегін 2007 жылы 15 желтоқсанда Жамбылда Бекзот Толаметовпен, ал соңғы кездесуін 2012 жылы 5 мамырда Темірланда Орынтай Кендековпен өткізген болатын.
Жартылай орта салмақта астаналық 18 жасар Роман Жайлауов 7-ші кездесуін өткізеді. Бұған дейін ол 6 рет жекпе жекке шығып, оның бәрінде (төртеуін нокатупен) жеңіске жеткен болатын. 2012 жылы 18і желтоқсанда Шымкентте 6 раундық кездесудің 3-ші раундында Мейірбек Сабировты нокаутпен ұтты. Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде ол 2012 жылы 18 тамызда Шымкентте Фарид Сафиулинмен өткізіп 4 раундық жекпе-жектің 2-ші раундында қарсыласын техникалық нокатпен жеңген еді.
Жеңіл салмақта бақ сынайтын 25 жастағы көкшетаулық Әнуар Мұсағұлов үшін бұл 5-ші кездесу болмақ. 2009 жылдан бері кәсіпқой бокс рингінде өнер көрсетіп жүрген боксшы бұған дейін 4 кездесу өткізіп (біреуін нокаутпен) бәрін өз пайдасына шешкен еді.