Алматыда "Kazakhstan Art Week" өнер апталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Kazakhstan Art Week" өнер апталығы ашылды

Алматыда "Kazakhstan Art Week" өнер апталығы ашылды

Бүгін Алматыдағы Орталық көрме залында "Kazakhstan Art Week" қазақстандық өнер апталығының ресми ашылуы болып өтті.

  • 26 Мамыр 2011
  • 646
Фото - Caravan.kz

Көркем көрме және аукциондар дирекциясының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан шараға өз елімізбен қатар, шет елдің өнер шеберлері, әуесқой суретшілер мен кәсіпқой суретшілері қатысуда.

Апталық бағдарламасы бойынша өнердің 5 түрінен — кескіндемеден, графика, фотосурет, мүсіндеме, қолданбалы өнер түрінен халықаралық байқаулар өткізілетен болады. Әділқазылар құрамына арт-индустрияның қазақстандық және шетелдік танымал өкілдері кірген. Қатысушылар өз жұмыстарын бір уақытта байқауға және көрме бағдарламасына ұсынатын болады. Жеңімпаздар арнайы сертификаттармен марапатталады.

«Өнер апталығы биыл осымен екінші рет өткізіліп отыр. Көрмеге байқауға қатысушылардың 100-ден аса туындылары қойылды, ішінде фотосурет, көркем суреттен бастап, гобелен, қыштан және тағы да басқа әр түрлі заттардан жасалынған бұйымдары қойылған. Шараның мақсаты — әр түрлі деңгейдегі суретшілер мен өнер шеберлерін біріктіру, жаңа тұлғаларды табу, оларға жол ашу, өнер адамдарын ынталандыру, шығармашылықтарының ілгерілеуіне ықпал ету болып табылады. Бұл бір өзінше продюссерлік жоба»,-деді жобаның продюссері Марина Васильева. Оның айтуынша, байқау барысында көптеген шеберлік сыныптар, дәрістер, сонымен қатар, шығармашылық кездесулер өтеді.

Өнер апталығына қатысушылардың барлық жұмыстары өнер сайтына қойылып, Еуропаның бірнеше тілінде жарық көретін «Өнердегі жаңа тұлғалар» атты халықаралық басылымда жарияланатын болады. Басылым Еуропа мен Америка елдеріндегі галереялар мен халықаралық көрмелерде және фестивальдерде таратылатын журнал.

Көрме 2 шілдеге дейін жалғасады.

Перейти к новостям спорта