«KazBuild Spring 2007» көрмесінде әлемнің 21 елінен 300 компания өз өнімдерін таныстырады, қатысушылардың 32% көрмеге алғаш рет келіп отыр. Барлық экспозиция 9 секцияға бөлінген: «Құрылыс», «Интерьер», «Жылыту және желдету жабқытары», «Құрылыс материалдары өндірісіне арналған жабдықтар», «терезелер мен есіктер, фасадтар», «Еден жабындары», «Декоративтік тоқыма өнімдері», «Сантехника», «Керамика және тас». Көрме 3-наурызға дейін 4 күн жұмыс істейді.
Наурыздың 1 мен 3 аралығына созылатын «KazRealty 2007» жылжымайтын мүлік көрмесінде 2007-2008-жылғы маусымға арналған жаңа құрылыс, ескі баспана, элиталық, қала сыртындағы және коммерциялық жылжымайтын мүлік нысандарының ең таңдаулы үлгілері назарға ұсынылады. Бұған қоса шетелдік жылжымайтын мүлік нысандары, риэлторлық бизнес саласындағы жаңалықтар, несиелендіру, сақтандыру және даму бизнесі саласындағы ең үздік жаңалықтар ортаға салынады. «KazRealty 2007» көрмесіне 11 елден 85 компания қатысуда.
Көрмелердің аясында «дөңгелек үстелдер» мен семинарлар өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті