Алматыда кеден қызметкерлері 10 айда валюта контрабандасына жасалған 27 әрекетке тосқауыл қойды
Алматы. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері 10 айда валюта контрабандасына жасалған 27 әрекетке тосқауыл қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"Тек ағымдағы жылдың 10 айында экономикалық контрабандаға қатысты 27 дерек бойынша $1,4 млн, 49 мың евро, 525 мың корей воны, 4 мыңнан астам қытай юанін алып шығудың жолы кесілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, салмағы 90 килограмм зергерлік бұйымдары Қазақстан аумағына рәсімдеусіз заңсыз енгізуге байланысты тәркіленді.
Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, ағымдағы жылдың 4 қазанында Алматы қаласының халықаралық әуежайында валюта контрабадасының жолы кесілген. "Алматы-Үрімжі бағытындағы рейс жолаушыларын тіркеу кезінде "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері Қазақстан азаматынан декларацияда көрсетілмеген 29 900 АҚШ долларын тауып, тәркілеген",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Тағы осы рейстің бір жолаушысы 20 мың АҚШ доларын алып өтпек болған.
"Ал 6 қазанда Алматы - Шаржа рейсін тіркеген кезде біріккен Араб Әмірліктеріне $46 мың алып өтпек болған екі азамат ұсталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін