Алматыда кедендік бақылауға арналған аймақтық семинар-кеңес басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 526.81
  • 542.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кедендік бақылауға арналған аймақтық семинар-кеңес басталды

Алматыда кедендік бақылауға арналған аймақтық семинар-кеңес басталды

Бүгін, 12-қарашада Алматыда "Тәуекелділікті басқару және бағалауға негізделген тиімді кедендік бақылау" тақырыбында аймақтық семинар-кеңес басталды. Бұл туралы ЕурАзЭҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қараша 2003
  • 428
Фото - Caravan.kz

Семинар Әлемдік банк пен ЮСАИД-тың қаржылық демеушілігі арқасында ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің қолдауымен өткізілуде.

Семинардың басты мақсаты — кедендік бақылауды жүзеге асыруда тәуекелділікті басқару және талдау жүйесін қолданысқа енгізуге бағытталған біртұтас концепция жобасын жасауға саяды.
Семинарға ЕурАзЭҚ-қа мүше бес мемлекет- Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның кедендік қызметтерінің өкілдері қатысуда. Сондай-ақ, бақылаушы ретінде Түрікменстан және Өзбекстанның кедендік қызметтерінің өкілдері, ал сарапшы ретінде халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылған.
Кеңеске ЕурАзЭҚ бас хатшысының орынбасары Серік Пірімбетов қатысады.
Семинар жұмысы 14-қарашада аяқталады.