Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек Жетісу ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болғанын растады. 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш баласымен 9-шы қабаттың терезесінен секіріп кеткен.
Әйел мен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы Полиция департаментінде жедел тергеу тобы құрылды.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.