Алматыда кемтар адамдар арасындағы қалалық спартакиада өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кемтар адамдар арасындағы қалалық спартакиада өтуде

Алматыда кемтар адамдар арасындағы қалалық спартакиада өтуде

Алматыда кемтар адамдар арасындағы қалалық спартакиада өтуде. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жыл сайынғы спартакиада екі кезеңмен өткізіледі. Аудандық іріктеу байқауларынан тұратын бірінші кезеңі 29-тамызға дейін аяқталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық әкімшілігінің жанындағы денешынықтыру және спорт комитетінен хабарлады.

  • 27 Тамыз 2003
  • 1067
Фото - Caravan.kz

Спартакиаданың бірінші кезеңіне 150 адам қатысуда. Олар суда жүзу, пауэрлифтинг, арбамен жарысу, арбамен әртүрлі пішіндер жасап жарысу, армреслинг, сондай-ақ, диск, ядро және садақ лақтырудан үшсайыс, үстел теннисі, протезбен жүгіру тәрізді спорттың сегіз түрінен бақ сынасады.

Алматы қалалық әкімшілігінің жанындағы денешынықтыру және спорт комитеті мен қалалық мүгедектер қоғамы Жарысты ұйымдастырушы әрі демеушілік роль атқарып отыр.
Алматы қалалық әкімшілігінің жанындағы денешынықтыру және спорт комитетінің қызметкері Нұрлан Шағиевтің айтуынша, қалалық спартакиада осымен оныншы мәрте өткізілуде. Оған республикалық сайыстардың жеңімпаздарынан бастап барлық қалаушылар қатыса алады.
Спартакиаданың ресми ашылу салтанаты 29-тамызда сағат 10-да Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, онда спартакиада жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар