"Бұл жерде бизнес кеңінен жолға қойылған екен. Залда көзір ойнайтын жеті үстел, үш рулетка, 22 ойын автоматамы және бір электронды рулетка орнатылған. Мекеменің кассасынан 2 млн 376 мың теңге, 19 800 доллар, номиналы 25 доллардан 10 мың доллар аралығындағы ойын фишкалары (3252 дана) табылып тәркіленді. Ойын залында болған 15 адам ұсталып, сұралды", -деді Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Валерий Козлов.