Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды

Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Курильская көшесі, 11-үй бойындағы екі қабатты ғимарат заңсыз тұрғызылған

  • 7 Қараша
  • 6
Алматы әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Danil ЖК тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру аясында болған бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданған болатын.

Нұсқаманың талаптарын орындамауы салдарынан Басқарма объектіні бұзу үшін Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берді.

2024 жылғы 14 мамырда Басқарманың талап-арыз талаптары қанағаттандырылды. Нысанды бұзу бүгін сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 51 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылды.