Алматыда Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының конгресі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының конгресі өтеді

Алматыда Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының конгресі өтеді

Алматыда қарашаның 1-2-сі күндері Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (АІВА) конгресі болады.

  • 14 Қазан 2010
  • 837
Фото - Caravan.kz

Конгресс аясында қазанның 30-ы күні АІВА-ның Атқару комитетінің жиналысы, ал 31-і күні Консультативтік кеңесінің мәжілісі өтеді. Жексенбі күні кешке Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде Қазақстан мен Түркияның «Астана-Арландары» мен «Ыстанбұлдықтар» (Istanbulls) командалары арасында Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясында бокс көрсетілімі болады. Содан кейін қарашаның 1-2-сі күндері Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының конгресі, ал 3-інде АІВА конфедерацияларының Бас ассамблеясы өтеді. Оған — Американдық, Еуропалық, Азиялық, Мұхиттық және Африкалық бокс конфедерацияларының өкілдері қатысатын болады. Бұл алқалы жиын кезінде сондай-ақ АІВА Әлемдік рейтингінің 2010 жылғы ең үздік боксшылары марапатталмақ.

Қазақстан бокс федерациясы Азия әуесқой бокс конфедерациясының (FABA) мүшесі. 2007 жылы Тайвандағы FABA конгресінде 38 мемлекеттің ұлттық федерация басшылары өзбекстандық Гафур Рахимовты президент етіп сайлаған болатын. Ал Тоқтар Төлешов (Қазақстан), Абхай Синг Чатулла (Үндістан), Ким Сунг-Джей (Корея), Мусиб Мухсин (Кувейт), шейх Хамид Бин Бутти (БАӘ) мен генерал Тавип (Таиланд) вице-президент атанды.

Жалпы Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы 1946 жылы Халықаралық әуесқой бокс ұйымының Лондондағы конгресінде құрылды. Мақсат — әуесқой боксты дамытып, түрлі елдердің боксшылары арасында достық жарыстарын өткізу. 1920 жылы құрылған Халықаралық әуесқой бокс ұйымы 28 елдің боксшыларын біріктірген еді. Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы бастапқы кезде 24 ұлттық қауымдастықтың басын қосты. Ал өткен ғасырдың соңында (1999 жылы) мүшелерінің саны 160-тан асты. Боксшылар Олимпиада рингіне алғаш рет 1904 жылы шыққанымен, тек 1920 жылы ғана олимпиадалық спорт түріне айналды. Спорттың бұл түрінен кейін Еуропа (1924 жылы), Әлем (1974 жылы) чемпионаттары ұйымдастырылды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера