Алматыда Халықаралық ғылыми-техникалық орталық басқарушылары кеңесінің бас қосуы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Халықаралық ғылыми-техникалық орталық басқарушылары кеңесінің бас қосуы басталды

Алматыда Халықаралық ғылыми-техникалық орталық басқарушылары кеңесінің бас қосуы басталды

Бүгін, 11-сәуірде Алматыда Халықаралық ғылыми-техникалық орталық басқарушылары кеңесінің 36- бас қосуы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Сәуiр 2005
  • 596
Фото - Caravan.kz

Кеңестің ашылуына қатысқан ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың бағдарламалары бойынша жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде «бұған дейін әскери сипаттағы техникалық проблемаларды шешуге атсалысып келген қазақстандық ғалымдардың басым бөлігі елімізде қалып, өз дарынын бейбіт мақсаттарды шешуге пайдалану мүмкіндігіне ие болды» деп мәлімдеді. Сөйтіп, министрдің айтуынша, Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың басты жұмыс нәтижесі ретінде халықты жаппай қырып-жоюға арналған қару өндіру технологияларын таратпауға жағдай жасауды атауға болады.

Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың таяу уақыттардағы жоспарына тоқталған В.Школьник: «Қазақстан — ядролық қару мен халықты жаппай қырып-жоюға арналған қару өндіруге арналған инфрақұрылымды жою саясатын табанды ұстанып отыр» деп мәлімдеді. Ол қазіргі таңда «әлемнің көптеген елдері халықты жаппай қырып-жоюға арналған қаруға ие болуға талпынып отырғанын», сол себепті тек радиоактивтік және ядролық материалдар ғана емес, сонымен бірге иондаушы сәуле көздерінің қозғалысына бақылау қою жүйесін құру проблемасы шешуші маңызға ие болды деді. Оның айтуынша, тек Қазақстанның өзінде осындай ондаған көздер бар.
Сонымен бірге В.Школьник ядролық нысандарда сынақтардан өткізілген физикалық қорғаныс тәсілдерін мұнай кеніштері мен мұнай және газ өңдеуші зауыттар тәрізді қатерлі кәсіпорындарда пайдалануды ұсынды.
Отырысқа қатысушылар Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың өткен кезеңдегі жұмыс қорытындысын шығарып, алдағы үш жылға арналған келешегі бар жұмыс бағыттарын айқындайды. Халықаралық ғылыми-техникалық орталық 11 жылға созылған іс-қызметі барысында ТМД елдерінен 60 мың ғалымға 600 млн. доллардың қаржылық көмегін көрсетті. Қазақстанда Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың іс-қызметі аясына 42 млн. доллардың 120 жобасы қамтылды. Соның ішінде ҚР Ұлттық ядролық орталығының ядролық физика институтының 6,5 млн. долларға бағаланған 30 жобасы енді. Түрлі жобаларға 2,5 мың қазақстандық ғалымдар мен мамандар қатысты.
Қазақстандық жобалардың 70 процентін АҚШ қаржыландырып отыр. Қазақстандағы ғылыми орталықтар Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың желісімен 4 млн. доллардың жабдықтарын алды. Бағдарламаға негізгі қатысушылар ретінде ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Ауылшаруашылығы ҒЗИ, Ұлттық биотехнология орталығы, Әл-Фараби таындағы Қазақ Ұлттық университеттерін атауға болады.
Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың грантына жүзеге асырылған барлық жобалардың 30 проценті экология, 29 проценті биотехнология саласындағы, 13 проценті реакторлардың жұмысын зерттеуге бағытталған, 12 проценті жаңа материалдар шығарып алуға арналған жобалар. Сонымен бірге аспап жасау, физика, химия, авиация және ғарыш саласындағы жобалар да жүзеге асырылуда.
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық басқарушылары кеңесінің бас қосуы ертең, 12-сәуірде өз жұмысын жалғастырады.

Перейти к новостям спорта