Алматыда халықаралық телевизиялық ЭММИ жүлдесін "Жаңалықтар сюжеті" номинациясы бойынша табыс ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиттық жартылай финалы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда халықаралық телевизиялық ЭММИ жүлдесін "Жаңалықтар сюжеті"  номинациясы бойынша табыс ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиттық жартылай финалы өтеді

Алматыда халықаралық телевизиялық ЭММИ жүлдесін "Жаңалықтар сюжеті" номинациясы бойынша табыс ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиттық жартылай финалы өтеді

27-маусымда Алматыда халықаралық телевизиялық ЭММИ жүлдесін "Жаңалықтар сюжеті" атты номинациясы бойынша табыс ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиттық жартылай финалы өтеді. Бұл туралы бүгін, 26-маусымда өткен баспасөз мәслихатында АҚШ Телевизиялық өнер және ғылым жөніндегі Халықаралық ЭММИ Академиясының атқарушы директоры Джорджес Леклер хабарлады.

  • 26 Маусым 2003
  • 640
Фото - Caravan.kz

Д.Леклердің айтуынша, 12 мүшелі қазылар алқасының талқысына 4 жұмыс , атап айтсақ, Қазақстаннан бір («Хабар агенттігі» ЖАҚ) , Филиппиннен екі, Гонконгден бір жұмыс ұсынылмақ.

Сюжеттерге берілген бағаны дауыс беру арқылы қорытындылаған қазылар алқасы 2003-жылдың күзінде Нью-Йоркте өтетін жыл сайынғы ЭММИді табыс ету салтанатының 55-ші финалында Азия аймағының намысын қорғайтын екі таңдаулы сюжетті таңдап алмақшы.
Халықаралық ЭММИ сыйлығы дүниежүзі бойынша үздік телевизиялық бағдарламаны таңдау үшін тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар