Алматыда хореография колледжі директорын айуандықпен өлтірген адам құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда хореография колледжі директорын айуандықпен өлтірген адам құрықталды

Алматыда хореография колледжі директорын айуандықпен өлтірген адам құрықталды

Алматыда хореография колледжі директорын айуандықпен өлтірген адам құрықталды. 28 жастағы күдікті Қарлығаш Мырзаханованың үйіне тонау мақсатында кіріпті. Ал үйдегі бар әшекейді қойнына қысқан қаскөй артына куә қалдырығысы келмеген.

  • 28 Шiлде 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

Пәтерден ақша немесе құнды заттардың жоғалғанын бұған дейін не полиция, не туған-туыстары айта алмаған еді. Дегенмен ІІМ-нің ресми өкілі күдікті бар кінәсін мойындады деп отыр. Еш жерде жұмыс істемейтін Алматы облысының тұрғыны кеше кешкісін тұтқындалған екен. Естеріңізге сала кетсек, Селезнев атындағы хореография колледжі директорын өткен бейсенбіде өз пәтерінде пышақтап кеткен болатын. Түні бойы қансырап жатып қалған 55 жастағы әйел ертеңінде ес жимастан ауруханада көз жұмды.


Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ баспасөз хатшысы:

— Қазіргі күні бұл қылмыстық іс Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Біз бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғадық. Күдікті азамат толықтай өз кінәсін мойындап отыр. 

Соңғы жаңалықтар