Алматыда кішкентай балаларды қорлаған Тәжікстан азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кішкентай балаларды қорлаған Тәжікстан азаматы ұсталды

Алматыда кішкентай балаларды қорлаған Тәжікстан азаматы ұсталды

Алматы полициясы кәмелетке толмаған баланы қорлады деген күдікпен Тәжікстан азаматын ұстады.

  • 8 Маусым 2021
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматының көші-қон қызметінің хабарлауынша, "Келімсек" іс-шарасы кезінде, ауыр қылмыс жасағаны үшін өз Отанында іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталған.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қалалық криминалдық полиция қызметкерлері біздің бөлімнің өкілдерімен бірге Тәжікстан Республикасының азаматы, Гиссар қаласының тұрғыны — 1995 жылы туған М. есімді азаматты ұстады және қабылдап-таратуға орналастырды. Ер адамның 2017 жылдан бастап Гиссар аудандық ІІМО-мен Тәжікстан Республикасының ҚК-нің 141 бабы 2 бөлімі — кәмелетке толмағандарды қорлау бойынша қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқаны анықталды. Ұсталған адамды экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешіледі", — деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар, полиция, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында Алматы қаласында "Келімсек" жалпыреспубликалық жедел-алдын-алу іс-шарасы басталғанын еске салды. Іс-шара 7 маусымда басталды және 16-ын қоса алғанда жалғасады.


Соңғы жаңалықтар