Алматыда кісі өлтіргені үшін 12 жыл іздеуде жүрген Грузия азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кісі өлтіргені үшін 12 жыл іздеуде жүрген Грузия азаматы ұсталды

Алматыда кісі өлтіргені үшін 12 жыл іздеуде жүрген Грузия азаматы ұсталды

АЛМАТЫ. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Алматыда асқан қатігездікпен кісі өлтіргені үшін 12 жыл іздеуде жүрген Грузия азаматы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Ақпан 2007
  • 432
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Грузия азаматы Қазақстан аумағында қылмыс жасаған. Ол ақпанның 14 мен 21 аралығында жүргізіліп жатқан «Құқық пен тәртіп» шұғыл алдын алу шарасының барысында Алматының Түріксіб ауданында ұсталған.

Шұғыл алдын алу шарасының алғашқы күні Алматыда 33 қылмыстың беті ашылды.

«Құқық пен тәртіп» шарасының барысында көші-қон полициясының қызметкерлері төлқұжат тәртібін бұзған шетелдіктер тобын ұстады. «Заңсыз келгендер арасында Ресей азаматтары бар. Бірақ сот шешіміне және аты-жөні анықталғанға дейін олар қабылдап таратқышқа қамалды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының мәліметіне сәйкес, бір тәулікте елімізге келу тәртібін бұзуға байланысты 215 азамат, соның ішінде алыс шетелдердің 26, ТМД-ның 189 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 23 адам елден қудаланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті