Алматыда көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Алматыда көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Алматыда көгалдағы хоккейден ересектер мен жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

  • 20 Шiлде 2012
  • 662
Фото - Caravan.kz

18 шілде күні басталған жарыстың ақтық ойындары 25 шілдеде өтеді. 500-ге жуық спортшының басын қосқан бұл дүбірлі доданы ҚР Көгалдағы хоккей федерациясы ұйымдастырып отыр.

Оған бастамашы болған КСРО-ның 6 дүркін, Малайзияның 2 дүркін чемпионы және Әлем, Еуропа чемпионаттары мен Әлем кубоктарының бірнеше мәрте жеңімпазы болған ҚР Көгалдағы хоккей федерациясының вице-президенті Берікқазы Сексенбаев.

КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Б.Төлеубекұлының жетекшілігімен 2009 жыл Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия кубогында екінші орын алса, 2010 жылы Азия кубогын иеленді. 2011 жылы Халықаралық көгалдағы хоккей федерациясының Әлемдік лигасына қатысу құқын алған Қазақстанның әйелдер құрамасы енді, 11-16 қыркүйек күні Малайзияның Куантан қаласында өтетін алғашқы айналымда өнер көрсететін болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера