Алматыда көктайғақ: таңнан бері 80 жол апаты орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көктайғақ: таңнан бері 80 жол апаты орын алды

Алматыда көктайғақ: таңнан бері 80 жол апаты орын алды

Алматыда көктайғақ салдарынан таңнан бері 80 жол апаты болды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек айтты. 

  • 10 Желтоқсан 2015
  • 574
Фото - Caravan.kz

«Көктайғақтың салдарынан жол апатының саны күрт өсіп отыр. Түнгі сағат 12-ден бері жарты тәулік ішінде 80 жол апаты болған. Жолаушылар аздап қана жараланған. Адам өлімі орын алған жоқ», — деді С.Әзірбек. 
Естеріңізге сала кетейік, Алматы ТЖД «Қазгидромет» болжамына сүйене отырып, дауылды ескерту жариялаған болатын.
Алматыда таңғы сағат 4:30-дан бастап жауған қардыңқалыңдығы таулы аймақтарда 25 см-ге дейін жетті. Қалың қарды тазалауға қаланың барлық коммуналдық қызметтері жұмылдырылды. Бұл жұмысқа 608 техника мен 112 құмсепкіш техника тартылды. 785 жұмысшы қар тазалау жұмыстарына кірісті. 


Бүгін Алматы көшелеріндегі көктайғақтың алдын алу үшін 3669 тонна құмды-хлоридті ұнтақ пен 91 тонна техникалық тұз себілді.

Соңғы жаңалықтар