Алматыда Көктөбенің бөктерін нығайту жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Көктөбенің бөктерін нығайту жұмыстары басталды

Алматыда Көктөбенің бөктерін нығайту жұмыстары басталды

Алматыда лай көшкін түсу қаупінің артуына байланысты Көктөбенің солтүстік-батыс бөктерін нығайту жұмыстары басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне берген сұхбатында "Гидроспецстрой" корпорациясының президенті Владимир Трашин хабарлады.

  • 17 Наурыз 2004
  • 533
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бүгін, 17-наурызда бас мердігер «Гидроспецстрой» корпорациясы мен тапсырыс беруші арасында тау бөктерін нығайтуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Шаралар кешені инженерлік-геологиялық ізденістер, жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарын қамтиды. «Ахуалдың күрделілігіне байланысты барлық шаралар кешені қысқа мерзімде жүзеге асырылуы тиіс»,- деді корпорация президенті.

В.Трашиннің айтуынша, бірінші кезектегі жұмыстарға арналған 12 млн. теңгені «Жолаушы тасымалдаушы аспалы арқан жол» ЖАҚ тәрізді тікелей осы бөктерде орналасқан ұйымдар мен нысандар бөлді. Алайда, маманның айтуынша, «бөлінген қаржы тым тапшы болғандықтан, қазір бұл жобаны қаржыландыру мүмкіндіктерін қалалық әкімшілік қарастырып жатыр».
В.Трашиннің пікірінше, Көктөбенің солтүстік-батыс бөктерінде лай көшкін жүру қаупі адамдардың техногендік әреккеттеріне байланысты болмақ. Соның салдарынан тау бөктерінде бірнеше сызат пайда болды. Олардың арасынан ұзындығы 150 метр, тереңдігі 8-10 метрді құрайтын бір жарықшақ айрықша қауіпті деп саналуда. Дейтұрғанмен, маманның пайымдауынша, тұрғындар үшін айтарлықтай қауіп жоқ деуге болады. «Төтенше жағдайға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қолданылды. Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мен әкімшіліктің бұйрығымен 5-наурыздан бастап тауға адамдарды жіберу доғарылып, таудағы нысандарды тоқпен қамтамасыз ету тоқтатылып, су жіберілмейтін болды»,- деді ол. Сызаттар мен тау баурайын мамандар жіті бақылауға алды.

Соңғы жаңалықтар