Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкені 16 жаста, ең кішісі 13 жаста. Олар елу ұрлық пен екі көлік айдап әкету дерегін мойындап отыр. Қазіргі уақытта олардың тек бес қылмысқа қатысты екендігі дәлелденді, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жасөспірімдердің барлығы техникалық қызмет көрсету бекеттерінде қосымша табыс тауып жүрген, сондықтан да көлікті ашу тәжірибелері де бар. Олардың сөзіне сүйенсек, олар екі ай бұрын бірінші рет ұрлық жасаған. Тұрғын үйдің ауласындағы шетелдің көлікті ашып, ішіндегі магнитолаларын жымқырған. Оны «Алматы-1» базарында сатқан. Әрбір магнитоланы орта есеппен 5 мың теңге көлемінде өткізіп отырған.
Бірінші айдап әкеткен «Мазда» көлігін қала сыртында қалдырған. Ал, екінші «Тойота Камри» автокөлігін бөлшектеп сатуды жоспарлаған, бірақ тізгінге ие бола алмаған олар жарық бағанасына соғылған. Жандарынан кездейсоқ өтіп бара жатқан «Боран» патрульдік экипажы көлік ұрлаушыларды құрықтаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті