Алматыда көлік апатынан зардап шеккен 1 жастағы сәби есін жиды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көлік апатынан зардап шеккен 1 жастағы сәби есін жиды

Алматыда көлік апатынан зардап шеккен 1 жастағы сәби есін жиды

Алматыда су таситын көліктің аударылуынан зардап шеккен бүлдіршін есін жиды. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 18 Тамыз 2015
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Бала комадан шықты. 17 тамызда тыныс алу аппаратынан шығарылды. Қазір нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Баланың жағдайы әлі де ауыр саналады», — деді баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Алматыда Каменка шағын ауданындағы Гроза көшесінде ЗИЛ маркалі  су таситын көлік аударылды. Апат салдарынан 1 əйел жан сақтау шараларын жасау кезінде оқиға орнында қаза болса, екіншісі жедел жəрдем каретасында клиникалық өлім күйіне енген. Жапа шеккендердің арасында 1 жасар бала да болған. Бас миы шайқалған бүлдіршін бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты.

Жалпы апаттан 9 адам жапа шекті. 8 адам медициналық жəрдемге жүгінді.


Олардың 4-і қалалық ауруханаларға жатқызылды, үшеуі үйіне қайтарылды. Біреуі облыстық ауруханаға жеткізілді.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-тармағы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Оқиға орнында Наурызбай аудандық ІІБ өкілдері жұмыс жасап жатыр.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар