Алматыда көлік жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған Петропавл тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көлік жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған Петропавл тұрғыны ұсталды

Алматыда көлік жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған Петропавл тұрғыны ұсталды

Алматы жол полициясының қызметкерлері көлік жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған Петропавл тұрғынын ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 24 Қазан 2003
  • 395
Фото - Caravan.kz

«Хонда-Аккорд» автокөлігінің 28-жастағы жүргізушісі жеке тасымалмен айналысып жүрген. Масаншы және Шевченко көшелерінің қиылысында жүргізушіге дүрсе қоя берген автокөліктегі екі жолаушы оны тұншықтыра сабап, соңынан көліктің жүксалғышына салып кеткен.

Көлікті жол полициясының қызметкерлері Желтоқсан және Шевченко көшелерінің қиылысында тоқтатты. Шабуылшылардың бірі -22 жастағы Петропавл тұрғыны ұсталып, оның сыбайласы із жасырып үлгерді. Қазір қашқынды қолға түсіруге барлық шаралар қолданылуда.
Сол күні жол полициясының қызметкерлері «Мерседес-Бенц» автокөлігін айдап кеткені үшін екі жігітті қолға түсірді.
Алматыдағы бір кафенің директоры полицияға арыз беріп, түнде кафенің жанында тұрған көлігін белгісіз біреулер айдап әкеткенін хабарлаған. Жедел шаралар нәтижесінде көлік табылып, иесіне қайтарылды. Белгілі болғанындай, көлікті осы кафеде жұмыс істейтін даяшы мен күзетші айдап әкетсе керек.

Соңғы жаңалықтар