Алматыда колледж директорын айуандықпен өлтіргендер табылмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда колледж директорын айуандықпен өлтіргендер табылмай жатыр

Алматыда колледж директорын айуандықпен өлтіргендер табылмай жатыр

Алматы полицейлері Селезнев атындағы хореографиялық колледжі директорын өлтіргендерді іздестіріп жатыр. Қарлығаш Мырзаханованы өткен бейсенбіде белгісіз біреулер өз пәтерінде пышақтап кеткен болатын. Қансырап жатқан директорды таңертен жұмысқа алып кетпекке келген жүргізушісі көріп, полиция мен жедел жәрдемге хабарлаған. Бірақ оннан астам пышақ жарақатын алған, оның үстіне түні бойы жатып қансырап қалған әйелді дәрігерлер құтқарып қала алмады. 

  • 27 Шiлде 2011
  • 560
Фото - Caravan.kz

Бишілер дайындайтын білім ордасы басшысын өлтіргендердің нені көздегені әзірге белгісіз. Болжамдардың біріне қарағанда, жалғыз тұратын әйелдің үйіне қарақшылар тонау мақсатында түсуі мүмкін. Бірақ ақша немесе құнды заттардың жоғалғанын не полиция, не туған-туыстары айта алмай отыр. Сонымен қатар құзырлы органдар “директордың өлімі қызметімен байланысты болуы мүмкін” деген болжамды да қарастыруда. Айта кетсек, 55 жастағы Қарлығаш Мырзаханова соңғы 5 жылдан бері Алматы хореографиялық колледжін басқарып келген еді.    


Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Қазіргі таңда осы деректер бойынша арнайы тексеру тобы құрылып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық болжамдарды жоққа шығармаймыз. Және алдағы екі-үш күнде қылмыс ашылып қалар деген ойдамыз. 

Соңғы жаңалықтар