Алматыда колледж жаралысына күдіктінің қамау мерзімі ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда колледж жаралысына күдіктінің қамау мерзімі ұзартылды

Алматыда колледж жаралысына күдіктінің қамау мерзімі ұзартылды

Алматыдағы Сән және дизайн колледжінде болған жарылыстан кейін күдікті ретінде ұсталғандардың қамау мерзімі 1 айға ұзартылды. Колледжде әскери дайындық сабағын жүргізген Ғабит Қарабалаев пен Юрий Гавриленко тергеу қапасында ақпанның 19-на дейін отыратын болды. Өйткені тергеу амалдары әлі аяқталмаған.

  • 24 Қаңтар 2015
  • 244
Фото - Caravan.kz

Аталған оқу орнындағы қайғылы оқиға өткен жылғы 17 қарашада болған еді. Әскери дайындық пәні кезінде граната жарылып, 14 студент жараланды. Ал колледж шәкірттерінің бірі Светлана Яковлева сол жерде тіл тартпай кетті. Осыдан кейін әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ғабит Қарабалаевпен бірге бұрын оның орнында істеген Юрий Гавриленко да қамауға алынды. Ал зардап шеккен студенттер 1 айға жуық ауруханада ем қабылдап, кейін шипажайға жіберілген болатын.