Алматыда көмірқышқыл газынан улану салдарынан 6 адам ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көмірқышқыл газынан улану салдарынан 6 адам ауруханаға түсті

Алматыда көмірқышқыл газынан улану салдарынан 6 адам ауруханаға түсті

Алматы қаласы Әуезов ауданында көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 6 адам көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 12 Желтоқсан 2003
  • 389
Фото - Caravan.kz

Басқарма мәліметтеріне сәйкес, зардап шеккендер орташа ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің ақпаратына сәйкес, 11-желтоқсанда Астанада пеш жабдықтарын тұтыну барысында екі адам жараланып, бір адам ауруханаға түсті.