Мәселен, «Заря востока» ауылында бүгін таңертең улануға байланысты 18-25 жас аралығындағы төрт жігіт ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендер жедел жәрдем ауруханасының токсикология бөліміне жеткізілді. Улану себептері қазір анықталуда.
Сонымен бірге бейсенбі күні таңертең Ачинская көшесінің бойындағы бір үйде көмірқышқыл газынан улану белгілерімен 44 жастағы ер адам табылды. Ол жедел жәрдем тобы келіп жеткенше жан тәслім етті. 81 жастағы әйел ауыр жағдайда токсикология бөліміне жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті