Жарияланды: 380

Алматыда көмірқышқыл газынан улану салдарынан үш адам қаза тапты, үшеуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда көмірқышқыл газынан улану салдарынан үш адам қаза тапты, үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 10 қарашада сағат 12.44-те Алматының Түріксіб ауданы Чимкентская көшесінде жер үйде сұйық отын жағатын пештің түтігінің ақауы салдарынан 6 адам көмірқышқыл газынан уланды. 25 - 30 және 43 жастағы екі ер адам қаза тауып, 18 жастағы жасөспірім, 40 жастағы әйел мен 15 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін