ТЖМ мәліметінше, 10 қарашада сағат 12.44-те Алматының Түріксіб ауданы Чимкентская көшесінде жер үйде сұйық отын жағатын пештің түтігінің ақауы салдарынан 6 адам көмірқышқыл газынан уланды. 25 - 30 және 43 жастағы екі ер адам қаза тауып, 18 жастағы жасөспірім, 40 жастағы әйел мен 15 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылды.