Алматыда коммуналдық төлемдерді қасақана төлемейтіндердің тізімі БАҚ-та жарияланатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда коммуналдық төлемдерді қасақана төлемейтіндердің тізімі БАҚ-та жарияланатын болады

Алматыда коммуналдық төлемдерді қасақана төлемейтіндердің тізімі БАҚ-та жарияланатын болады

Алматыда коммуналдық төлемдерді төлеуден қасақана жалтарып жүргендердің аты-жөндері көп ұзамай бұқаралық ақпарат құралдарында жария етіледі.

  • 17 Қыркүйек 2015
  • 477
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.  

«Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қаланың жылу және электр қуатымен қамтамасыз ету нысандарының дайындығын тексеру барысында осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, тізім жарияланған соң, берешектерді әкімшілік-соттық тәртіп бойынша өндіріп алу жұмыстары қолға алынады. Бұл әрине коммуналдық төлемдерді төлемейтіндердің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін», — делінген хабарламада.

Бұл жазалау шаралары қалалық шаруашылықтарды жылу маусымына дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың құрамдас бөлігі болып табылады.

Айта кетелік, бүгінгі таңда Алматыда коммуналдық төлемдер үшін мерзімі өтіп кеткен берешектердің көлемі 3,2 млрд. теңгені құрайды. Биылғы жылдың  басынан бері борышкерлердің үстінен сот органдарына 658,2 млн. теңгеге 624 талап-арыз түсірілген. Олардың ішінде жалпы сомасы 142,7 млн. теңге болатын 327 талап-арыз қанағаттандырылды. 


Соңғы жаңалықтар