Алматыда кондуктор қолма- қол теңге бермеген жолаушыны балағаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кондуктор  қолма- қол теңге бермеген  жолаушыны балағаттады

Алматыда кондуктор қолма- қол теңге бермеген жолаушыны балағаттады

«Оңай»-ды енгізу оңай болмай тұр! Қоғамдық көліктерде тек осы төлем картасына көшу мерзімін Алматы әкімдігі ақыры жаңа жылға қалдырды. Яғни, 11-ші қаңтардан бастап қолма-қол ақы түгел тоқтатылмақ.

  • 24 Қараша 2015
  • 276
Фото - Caravan.kz

Рифат Әбдіраманов, «Алматы көлік холдингі» ЖШС өкілі:

-Жаңа жылдың алғашқы он күнін қалдырдық та 11-і, дүйсенбіден бастап барлық қолма-қол төлем түрлерін шектейміз деп шештік. Оған дейін қазіргі валидаторларды біртіндеп ала береміз.

Бұған дейін біресе 1-ші желтоқсан, біресе 1-ші қаңтар деп келген қала билігі ақыры нақты күнді белгіледі. Дегенмен, сынақ ретінде орнатылған жаңа аппараттар әлі де толық істеп жатқан жоқ. №54 бағыттағы автобуста болған осындай жәйтті оқиғаның негізгі кейіпкері телефонына түсіріп алған. Жолаушы қыз «Оңай» қондырғысымен төлем жасайын десе, аппарат істемей қалыпты. Ал кондуктор жолақыны қолма-қол төлеуді талап еткен. Теңгесін бергісі келмеген қызды кондуктор әйел тіпті бас-көз демей балағаттап тастады. 

Соңғы жаңалықтар