Алматыда контрафакт бейнеөнімдерін өндіретін цех анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда контрафакт бейнеөнімдерін өндіретін цех анықталды

Алматыда контрафакт бейнеөнімдерін өндіретін цех анықталды

АЛМАТЫ. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Алматыда авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауды тексеру барысында контрафакт бейнеөнімдерін өндіретін және сататын цех анықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Бас прократурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Ақпан 2007
  • 405
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Әуезов ауданындағы Ақбұлақ ауылында табылған қоймадан отандық және шетелдік фильмдер жазылған 5 мыңнан астам DVD-дискілер, сонымен қатар, контрафакт өнімдерді көбейтуге арналған аппаратура тәркіленді. Прокуратура фильмдерді одан әрі қала базарларында сату үшін көшірілгендігін анықтады.

Алдын-ала берілген мәліметтерге сүйенсек, құқық иесіне келген шығын шамамен 15 млн теңгені құрап отыр.

Аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 184-бабының 3-тармағының, «в» тармақшасында қарастырылған қылмыс құрамы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ контрафакт көшірмелерді, туындылар мен фонограммаларды сату мақсатында алу, сақтау, өткізу немесе дайындау).


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті