Алматыда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

Алматыда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

Алматы қаласының Медеу ауданындағы Есенов көшесінің бойында орналасқан

  • 15 Сәуiр 2015
  • 448
Фото - Caravan.kz


№15-ші бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Нұрбек Қожахмет хабарлады. 

Оның айтуынша, ТЖ департаментінің «101» кезекші бөліміне өрт туралы хабар сағат 20.06-да келіп түскен. 

«Артынша, барлық өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына жөнелтілді. Онда сағат 20.15-те өрт сөндірушілердің алғашқы бөлімшесі келіп жетті. Тілсіз жау сағат 21.24-те ауыздықталып, сағат 22-лер шамасында толығымен сөндірілді. Оны жоюға 12 негізгі және 10 арнайы техника мен жеке құрамның 90 адамы жұмылдырылды. Өрттің аумағы 1000 шаршы метр жерді құрады. Оқиға орнынан қауіпсіз аумаққа 200-ге тарта адам көшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталу үстінде», — деді Нұрбек Қожахмет. 
Айта кетелік, қазір Медеу ауданының әкімдігі адамдарды уақытша баспанамен және ыстық тамақпен қамтамасыз етуге күш салуда.