Алматыда Корея іскерлік әлемінің жетекшілері - шетелдік корейлер қоры кеңесінің мүшелері бүкіләлемдік Ү форумға жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Корея іскерлік әлемінің жетекшілері - шетелдік корейлер қоры кеңесінің мүшелері   бүкіләлемдік Ү форумға жиналды

Алматыда Корея іскерлік әлемінің жетекшілері - шетелдік корейлер қоры кеңесінің мүшелері бүкіләлемдік Ү форумға жиналды

Бүгін, 26-мамырда Алматыда Корея іскерлік әлемінің жетекшілері- шетелдік корейлер қоры кеңесінің мүшелері бүкіләлемдік Ү форумға жиналды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Мамыр 2004
  • 452
Фото - Caravan.kz

Қазақстан корейлері қауымдастығының президенті Юрий Цхайдың айтуынша, форум мақсаты — Қазақстандағы инвестициялық ахуалды зерттеу. «Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы мен саяси тұрақтылық Оңтүстік Кореялық кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырып отыр»,- деді Ю.Цхай.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты дамытудың бір бағыты — кореялық озық технологияларды қолданысқа енгізу, деп пайымдайды Ю.Цхай.
Оның айтуынша, Кореялық кәсіпкерлер бірінші кезекте Қазақстанның мұнайгаз секторына, ақпараттық технологияларға, машина жасау және құрылыс салаларына қызығушылық танытуда.
Шетелдік корейлер қоры — Оңтүстік Корея республикасының сыртқы істер және сауда министрлігімен аффилирлік байланысы бар коммерциялық емес ұйым. 1996-жылдың 3-мамырында құрылған қорға қазір шетелдерде тұратын 6 млн. кәріс біріккен.

Перейти к новостям спорта