Алматыда көрнекті мемлекет қайраткерін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көрнекті мемлекет қайраткерін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Алматыда көрнекті мемлекет қайраткерін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Бүгін Алматыда Қазақстанның көрнекті мемлекеттік қайраткері, Социалистік Еңбек Ері

  • 6 Қыркүйек 2014
  • 491
Фото - Caravan.kz


Қасым Төлебековты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Оған Алматы әкімі Ахметжан Есімов, қоғам өкілдері, марұқмның туған-туыстары, достары мен жақындары қатысты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Алматы әкімі А.Есімов Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдаған көңіл айту жеделхатын оқыды. Онда Қ.Төлебековтің туған елінің өркендеуіне сүбелі үлесін қосқаны жайлы жазылған. Қасым Қажыбайұлының есімі Қазақстан халқының мәңгі есінде қалмақ. 

«Ұйымдастырушылық және іскерлік қабілеттерінің арқасында ол еңбек жолының бастапқы кезеңінде-ақ өзін сауатты жетекші ретінде көрсетті. Жоғары лауазымды қызметтердің арасында Шымкент пен Алматы облыстарын басқарған мерзімі алтын әріптермен жазылған», — деген ел Президентінің көңіл айту жеделхатындағы сөздерін қала басшысы келтірді.

Қасым Қажыбайұлы Төлебеков 1935 жылы Петропавл қаласында туған. Зооветеринарлық институт пен Алматыдағы Жоғарғы партиялық мектепті тәмамдады. Алматы облысының партиялық комитетінің бірінші хатшысы, ауыл шаруашылық министрінің бірінші орынбасары болып қызмет еткен. Әр жылдары жоғары мемлекеттік наградаларға ие болған. Екі мәрте Ленин атындағы, Еңбек Қызыл Ту, Қазан төңкерісі ордендеріне ие болды.