Алматыда көшеде бүлікшілерге қару таратқандар неге олай істегенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көшеде бүлікшілерге қару таратқандар неге олай істегенін айтты

Алматыда көшеде бүлікшілерге қару таратқандар неге олай істегенін айтты

Желіде Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерін тонаған жігіттердің өз кінәсін мойындаған видеосы тарады

  • 21 Қаңтар 2022
  • 2174
Фото - Caravan.kz

Ұсталғандардың айтуынша, автомат асынған белгісіз біреулер оларды қару-жарақ ұрлап, бас алаңда жүрген наразылық білдірушілерге таратуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы полициясы қару-жарақ дүкендерін тонағандар 19-20 жастағы жігіттер екенін атап өтті. Олардың жеке басы анықталды, құқыққорғаушылар басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Сол себепті тергеу мүддесіне байланысты тонаушылардың аты-жөні әзірге жария етілмейді.

Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.