Алматыда көшеде оқ атқан ер адам іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көшеде оқ атқан ер адам іздестірілуде

Алматыда көшеде оқ атқан ер адам іздестірілуде

Алматының қақ ортасында тапаншамен оқ атқан адам іздестірілуде. Бұл туралы қалалық баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек хабарлады. 

  • 25 Тамыз 2015
  • 392
Фото - Caravan.kz


«Екі адам мәселені шешу үшін Гоголь-Абылайхан көшелерінің қиылысында кездескен. Әңгіменің соңы жанжалға әкеледі. Олардың бірі травматикалық қарудан оқ ата бастаған. Абырой болғанда, ешкім жапа шекпеген. Ер адам оқиға орнынан тез арада ізін суытқан», — деді С.Әзірбек.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293 бабының 3 тармағы бойынша сот алды тергеу істерінің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 
Құқық қорғау органдары оның кім екендігін анықтады. Қазір қалалық полицейлер күдіктіні ұстау операциясын жүзеге асыруда.

Соңғы жаңалықтар