Сөйтіп, кішкентай баланы полицияға тапсырған. Ал олар өз кезегінде әне-міне жақындары табылып қалар деген үмітпен уақытша балалар ауруханасына орналастырыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Бірақ үш күннен бері бала іздеген адам жоқ. Есесіне бүлдіршін шырылдап анасын іздеп жүр. Тек бүгін ғана ойыншықтарға алданып, жылауын қойыпты. Бала бөтендерден үркіп сөйлемейді. Десе де, медбикелер тамағын беріп, жуындырып анасын тосып отыр.
"Екі апта, бір айға дейін созылады. Егер ешкім іздеп келмесе, ешкім хабарласпаса, біз құжаттарын рәсімдеп, балалар үйіне жібереміз" дейді №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының аға медбикесі Маржан Мамаева.