Алматыда көші-қон үдерістерін тиімді басқару туралы аймақтық семинар-тренинг өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көші-қон үдерістерін тиімді басқару туралы аймақтық семинар-тренинг өтеді

Алматыда көші-қон үдерістерін тиімді басқару туралы аймақтық семинар-тренинг өтеді

Алматыда ертең, 7 қараша күні «Көші-қон үдерістерін тиімді басқару әлеуметтік тұрақтылықты сақтау факторы ретінде» деген тақырыпта 3 күндік біліктілікті арттырудың аймақтық семинар-тренингі өз жұмысын бастайды.

  • 6 Қараша 2012
  • 341
Фото - Caravan.kz

Оны Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұл шараға Алматы қаласының көші-қон саясаты мен этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселесімен айналысушы мемлекеттік қызметшілері, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық және аудандық ішкі саясат басқармаларының басшылары, этномәдени, жастар және басқа да қоғамдық бірлестік жетекшілері, конфессиялар өкілдері, Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының, жоғары оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыспақ.

Сонымен қатар семинар-тренинг аясында 9 қараша күні «Ықпалдастық үдерістер контекстіндегі этносаясат және диаспоралық саясат» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтеді. Онда көші-қон саясатын тиімді басқару, этносаясатты нығайту мәселесі жан-жақты сөз болмақ. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері, жетекші ғалымдар, сарапшылар, этномәдени, жастар және басқа да қоғамдық бірлестік жетекшілері, көші-қон, этносаралық және дінаралық қатынастар мәселесімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер қатысады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар