Алматыда құны 1 миллиард теңгені құрайтын вейптер тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда құны 1 миллиард теңгені құрайтын вейптер тәркіленді

Алматыда құны 1 миллиард теңгені құрайтын вейптер тәркіленді

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті электрондық тұтыну жүйелері (вейптер), дәмқосқыштар мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымымен айналысқан топтың қызметін тоқтатты.

  • 30 Шiлде
  • 6
ФОТО: unsplash

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тыйым салынған өнімді сату Telegram мессенджерінде «ESCOBAR OPTOM» атауымен жүргізіліп, курьер арқылы жеткізіліп отырған.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қоймалар мен сату нүктелері анықталды.

Тінту барысында 150 мыңнан астам вейп тәркіленді, олардың сатылымынан түсетін табыс 1 млрд теңгеден асып кетуі мүмкін еді.

Бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таратылған.

Көлеңкелі бизнестің ұйымдастырушылары электронды сигареттерді әдейі жасөспірімдерге жеткізіп, олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірген.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Перейти к новостям спорта