Алматыда қураған алты мың ағаш кесіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 479.23
  • 534.96
0 °C
Алматы
2024 Жыл
29 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қураған алты мың ағаш кесіледі

Алматыда қураған алты мың ағаш кесіледі

Мегаполисте 26 маусым мен 6 шілде аралығында өтетін «Алматы Жазы» акциясы аясында санитарлық мақсатта 6 мың ағаш кесіледі.

  • 26 Маусым
  • 3
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімдігінен атап өткендей, апатты жағдайдағы ағаштарды санитарлық мақсатта кесу қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бұл жұмыстар Алматы қаласы әкімдігінің ерекше бақылауында. 

«Ағаштарды санитарлық мақсатта кесудің уақытылы жүргізілмеуі адамға және мүлікке зиян келтіруі мүмкін. Осыған байланысты ауру және қураған ағаштарды санитарлық мақсатта кесу, қатты жел мен нөсер кезінде бұтақтардың құлау қаупін азайтады»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Акция барысында қауіпті еңісте өскен ауру және қураған ағаштарды кесу қарастырылған. Оның орнына 10 есе көп мөлшерде көшет отырғызылады. 

Бұл науқан адамдардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауын қалыптастыруға, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуге, экологиялық мәдениетті арттыруға арналған.

Бұған дейін «Алматы Жазы» акциясы басталғаны туралы жазған едік. 

Еске салайық, Президент Таза Қазақстан — көзбояушылық жасайтын сенбілік емес екенін ескерткен

Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызған болатын.